Өлең, жыр, ақындар

Дискриминант формуласын  есеп  шығаруда  қолдану

8 сынып, алгебра

Күні:

Тақырып: Дискриминант формуласын  есеп  шығаруда  қолдану

Мақсаты:

Білімділік: Квадрат теңдеулер арқылы шығарылатын есептерге қолданылатын негізгі формулалардың түрін білу.Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу  мәнерін, логикалық ойлау қабілетін және топпен  жұмыс  істеуге  дағдыландыру.

Дамытушылық: Өзіндік ойлау, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Тарих пәнімен  пәнаралық байланыс жасау.

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Көрнекіліктер: Д=в2-4ас  - дискриминант  формулалары жазылған плакаттар,

х1=-  бірінші түбір            х2=-  екінші  түбір, Қазақ хандығының картасы, эмблемалары ілінген.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі:

Сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу

Оқушылардың үй жұмыстарын тексеру.

Оқушыларды алдымен үш топқа бөліп алып, оларға Абылайхан хандығы, Керей хандығы, Қасым хандығы деген есімдер береміз. Бүгінгі  сабақтағы жоспарым:

1. Сиқырлы  қорапша

2. Аймақты кеңейту

3.Логика әлеміне саяхат

4.Тест тапсырмалары.

 

1.Сиқырлы қорапшалардан қағаз суыру  арқылы өткен сабақты қайталау:

1. Квадрат теңдеу дегеніміз не?

2.Толымсыз квадрат теңдеулер қандай теңдеулер?

3.Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?

4.Толымды  квадрат теңдеулер қандай теңдеулер?

5.Түбірлерінің  айырмашылығы қандай?

6. D>0  болса, түбірлері қалай болады?

7. D<0 болса, түбірлері қалай болады?

8. D=0  болса, түбірлері қалай болады?

9. Квадрат  теңдеудің  неше түрі бар?

10. Квадрат  теңдеуге  2-3 мысал келтіріңіз.

2. Аймақты  кеңейту. Бұл кезеңде үш топ  конверт  таңдайды да, ішіндегі есептерді тақтаға шығарады. Есептер шығару арқылы  өз аймақтарын  картада кеңейтеді. Қазақ хандығы деген карта тақтада ілініп тұрады. Әрбір оқушы есептер шығару арқылы дискриминант формуласын  есептер  шығаруда қолданады. Ол есептер  мынадай түрде болды:

1. x2+3x+2=0

2. 3x2+5x-2=0

3. 5x2-14x+8=0

4. 6x2+5x-20=-9

5.-49x2+21x-2=0

6. 2x(5x-7)=2x2-5

7.- x2+3x+2=0

8. 2x2+4x-8=0

9. x2+14x-8=0

10. 3x2+15x-20=-12

3. Логика  әлеміне  саяхат.

1.  2 2 2 2 2 2 2= 100                        222:2-22:2=100

2.  2 2 2 2= 9                                     22:2-2=9

3.  3 3 3 3 3= 100                              33*3+3:3=100

 

4. Тест тапсырмасын орындау:

1.Берілген  теңдеудің  қайсысы  квадрат  теңдеу болады?

  1. x4-2,5x+7=0    B)  4x2+0,1x-6=0    C) 2,3x+x3=0    D) 6x2+0,1x3+12=0

2.  5x(2x+5)+(3x+1)2= -4x+16 теңдеуін  ax2+bx+c=0  түріне   келтіріңдер:

  1. 18x2-2x-12=0    B)  16x2+0,1x-6=0    C) 23x+x2-18=0    D) 19x2+35x-15=0

 3.  Қай  сан  -6x2 -1,4x+7,4=0  теңдеуінің  түбірі  болады?

  1. 2       B) 1      C)  -1      D) 0

4. Түбірі  болмайтын  квадрат  теңдеуді  анықтаңдар:

  1. 5x2-7x+2=0    B)  2x2-4x+1=0    C) 49-25x2=0    D) x2+5x+7=0

 5.  7x2-31x-6=0    теңдеуінің  дискриминантын көрсетіңдер:

  1. D=919       B) D= 793    C) D=1129    D)  D=1009

 6.   Түбірлері   x1=1,5  және  x2=-4  болатын  квадрат  теңдеуді  көрсетіңіз:

 A)   6x2-17x+5=0    B)  3x2-4x+1=0    C) 49-25x2=0    D) 2x2+5x-12=0

7. (2x-3)(x+5)-2=11-(x-4)2   теңдеуін  ax2+bx+c=0  түріне  келтіріңіз:

 A)   -9x2-7x+2=0    B)  x2-4,3x+1=0    C) 5x2-2x+1=0    D) 3x2-x-12=0

 

Жауабы:

1. В

2. D

3. C

4. D

5. C

6. D

7. D

 

Рефлексия

 

 

Үйге тапсырма: 70- беттегі тест тапсырмасын аяқтап, шығару.  

Бағалау: Оқушылардың белсенділігіне  байланысты бағалау.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер